Ал балалардан құралған қазылар алқасының жүлдесін 10 жасар Айназ Хасан жеңіп алды, деп хабарлайды mangsytaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Сұлулық байқауына 5 пен 15 жас аралығындағы 13 қатысушы қатысты. Байқауда ересектерден және балалардан құралған екі түрлі қазылар алқасы болды.
Байқау қорытындысы бойынша «Каспий інжу-маржаны» номинациясымен Дана Ізтұрған, «Подиум жұлдызы» номинациясымен Айлин Рамазан марапатталды.
«Талантты ару» атағы аға санатта - Мерей Жақыпова, орта жас санатында- Шахеразада Мұрат, ал кіші жас санатында – Диана Рамазанға, «Жыл моделі» номинациясы Малика Қуановаға, «Жыл бет-бейнесі» номинациясы Динара Берікбайға, «Сүйкімді ару» атағы Марта Андрееваға бұйырды.
«Жыл фотомоделі» номинациясы аға жас санатында - Камила Сұлтановаға, орта жас санаты - Алисия Фетисоваға, үздік шығармашылық нөмір үшін «Ең үздік» атағы Алиса Мезенцеваға, «Көрермендер көзайымы» және «Colibri» балалар қазылар алқасының жүлдесі Айназ Хасанға берілді. Ал байқаудың басты тәжі және «Ақтау Ханшайымы – 2023» атағын Іңкәр Ислам алды.
-Мен байқаудың ұйымдастырушыларына, Ақтау қаласының әкімдігіне, Абай атындағы Мәдениет үйінің әкімшілігіне алғыс айтқым келеді. Байқау өте жоғары деңгейде өтті. Балаларымыз байқауға үлкен жауапкершілікпен және ынтамен дайындалды, - деп атап өтті ата-аналардың бірі.